АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарындағы келеңсіз ауа райына байланысты бес бағытттағы жолаушылар пойызының кестесі өзгерді, деп хабарлайды "Қазақстан теміржолы".
15 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан-1 станциясынан жөнелетін №10 Нұр-Сұлтан 1-Алматы 2 пойыз 1 күнге кейін шегіндірілді;
15 желтоқсан күні Алматы-2 станциясынан жөнелетін №9 Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1пойызы 1 күнге кейін шегіндірілді;
16 желтоқсанда Атырау станциясынан және 18 желтоқсанда кері бағытта Алматы станциясынан жөнелетін №29/30 Атырау-Алматы 1 пойызы 1 күнге кейін шегіндірілді;
15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан және кері бағытта 16 желтоқсан Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан жүретін №3 Алматы 2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол пойызы 1 күнге кейін шегіндірілді;
15 желтоқсан Алматы 2 және кері бағытта Жезқазған қаласынан 16 желтоқсан жүретін №505/506 Алматы 2-Жезқазған пойызы 1 күнге кейін шегіндірілді.
Жоғарыда көрсетілген бағыттарға билет сатып алған жолаушыларға теміржол билеттері үшін ақшалай қаражат қайтарылады.
"Ұлттық тасымалдаушы туындаған жағдайға түсіністікпен қарауды және қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар "1433" тегін нөміріне және "KTZH_PP_BOT" бот телеграм парақшасына жүгіне алады", - делінген хабарламада.