Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаны қаржыландыру жөніндегі Еуроодақ саммиті 2024 жылдың қаңтар-ақпанында өтеді

Sputnik
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Еуроодақтың Украинаны қаржыландыру жөніндегі саммиті 2024 жылдың қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында өтеді. Бұл туралы Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель мәлімдеді,
Ол бұған дейін 2024 жылдың басында одақтың көпжылдық бюджетін арттыруды, оның ішінде Украина үшін 50 миллиард еуроны мақұлдау үшін Еуроодақтың арнайы саммитін өткізетінін растады.
"Нақты күндер әлі белгіленген жоқ. Бірақ бұл шамамен келесі жылы қаңтардың соңы-ақпанның басы болады", - деді ол Брюссельдегі екі күндік ЕО саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында.
Еске салсақ, Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Украинаға көрсетілетін 50 миллиард доллар көлеміндегі көмек тағы бұғатталғанын мәлімдеді.