Алматы облысында 3,5 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды

Қатты аяздан электр желілері зақымданған
Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Алматы маңындағы Көкқайнар ауылының тұрғындары қатты аязда электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алматы облысы Іле ауданы Көкқайнар ауылының 3500 тұрғыны электр жарығынсыз қалды. Бұны облыстық әкімдік те растап отыр.
"Ауылда жедел апаттық бригада жұмыс істеді. Кабель зақымданған. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр",-деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды, апаттық жағдай жойылды, деп толықтырды әкімдік.
Бұған дейін Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланған болатын. Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізі бойынша Тараз - Алматы бағытындағы және облыстық, республикалық маңызы бар автожолдар кезең-кезеңімен жабылды.
Құтқару жұмыстарына 117 бірлік арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылды. Қар құрсауында қалған көліктер көп. Нақты саны әлі белгісіз.
Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тірек бағаналары құлаған.
ТЖ кесірінен "Шу Отар" учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, оның әрқайсында орта есеппен 500-700 адам бар. 12 жүк пойызы жолға шығуы мүмкін.
Облыстың 4 ауданындағы 32 елді мекенде 8 882 абонент электр қуатынсыз қалды.
Өңірлер
Жамбыл облысында төтенше жағдай режимі жарияланды: 5 мыңнан аса адам құтқарылды