АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Кентау тұрғындары қалада апат болып, жарықсыз және жылусыз қалғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тұрғындардың айтуынша, үйлері салқындап кеткен.
Ал қала әкімдігі болса, мұндай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. Кентау әкімінің айтуынша, жылу орталығында жарық өшіп қалып, 10 минуттан кейін қайта қосылған.
"Қатты дауылды желдің салдарынан Кентау қаласы Жылу орталығына келетін негізгі және резервті электр желілерінің өшуіне байланысты №5 жылу орталығының жұмысы тоқтап, қысқа уақыт ішінде электр энергиясы қайта қосылды. Қазіргі таңда орталықтың 4 қазандығы іске қосылып, штаттық режимде жұмысын жалғастыруда", - деп атап өтті әкімдік.
Жылу орталығының жұмысы қала әкімдігінің жіті бақылауында.