Кентау жылу орталығында апат болды – әкімдік оқиғаның мән-жайын айтты

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий БугаевЭкибастузская ТЭЦ
Экибастузская ТЭЦ - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2023
Жазылу
Жылу орталығының жұмысы қала әкімдігінің жіті бақылауында
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Кентау тұрғындары қалада апат болып, жарықсыз және жылусыз қалғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тұрғындардың айтуынша, үйлері салқындап кеткен.
Ал қала әкімдігі болса, мұндай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. Кентау әкімінің айтуынша, жылу орталығында жарық өшіп қалып, 10 минуттан кейін қайта қосылған.
"Қатты дауылды желдің салдарынан Кентау қаласы Жылу орталығына келетін негізгі және резервті электр желілерінің өшуіне байланысты №5 жылу орталығының жұмысы тоқтап, қысқа уақыт ішінде электр энергиясы қайта қосылды. Қазіргі таңда орталықтың 4 қазандығы іске қосылып, штаттық режимде жұмысын жалғастыруда", - деп атап өтті әкімдік.
Жылу орталығының жұмысы қала әкімдігінің жіті бақылауында.
Жаңалықтар
0