Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Боррель Еуроодақтағы қайшылыққа қарамастан Украинаға көмекті арттыруға шақырды

Венгрия Киевке арналған әскери көмектің 500 миллион еуро көлеміндегі сегізінші траншын, сондай-ақ 2024-2027 жылдарға арналған әскери және макро қаржылық қолдау пакеттерін бұғаулап жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Еуродақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Еуропалық Одақ мүшелері арасындағы қайшылыққа қарамастан Киевті қолдауға шақырды, деп жазды РИА Новости.
Жозеп Боррель Брюссельде ЕО елдерінің СІМ басшыларының отырысы басталар алдында Венгрияның ұстанымы туралы журналистердің сұрағына жауап берді.
"Қазір Украинаны қолдауды азайтатын уақыт емес, керісінше, оны арттыру керек", - деді ол.
Қазіргі уақытта Венгрия Киевке көмек көрсетуге Еуропа бейбітшілік қорынан бөлінетін әскери көмектің 500 миллион еуро көлеміндегі сегізінші траншын, сондай-ақ 2024-2027 жылдарға арналған әскери (20 миллиард еуро) және макро қаржылық (50 миллиард еуро) қолдау пакеттерін бұғаулап жатыр.
Сонымен қатар Будапешт 14-15 желтоқсанда ЕО саммитінде Украинаның ЕО-ға қосылуы туралы келіссөздердің басталуына қарсы болып отыр.