Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Боррель Еуроодақтағы қайшылыққа қарамастан Украинаға көмекті арттыруға шақырды

© AP Photo / Alexei AlexandrovУкраина әскери қызметкері, архивтегі фото
Украина әскери қызметкері, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2023
Жазылу
Венгрия Киевке арналған әскери көмектің 500 миллион еуро көлеміндегі сегізінші траншын, сондай-ақ 2024-2027 жылдарға арналған әскери және макро қаржылық қолдау пакеттерін бұғаулап жатыр
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Еуродақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Еуропалық Одақ мүшелері арасындағы қайшылыққа қарамастан Киевті қолдауға шақырды, деп жазды РИА Новости.
Жозеп Боррель Брюссельде ЕО елдерінің СІМ басшыларының отырысы басталар алдында Венгрияның ұстанымы туралы журналистердің сұрағына жауап берді.
"Қазір Украинаны қолдауды азайтатын уақыт емес, керісінше, оны арттыру керек", - деді ол.
Қазіргі уақытта Венгрия Киевке көмек көрсетуге Еуропа бейбітшілік қорынан бөлінетін әскери көмектің 500 миллион еуро көлеміндегі сегізінші траншын, сондай-ақ 2024-2027 жылдарға арналған әскери (20 миллиард еуро) және макро қаржылық (50 миллиард еуро) қолдау пакеттерін бұғаулап жатыр.
Сонымен қатар Будапешт 14-15 желтоқсанда ЕО саммитінде Украинаның ЕО-ға қосылуы туралы келіссөздердің басталуына қарсы болып отыр.
Жаңалықтар
0