"Жағдай бақылауда": Ақтау әкімдігі жанармай құю бекеттерінде автогаздың бар-жоғын тексерді

Бүгінде қалада 20 автогаз құю станциясы жұмыс істеп тұр
Sputnik
АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары қалада жанармай құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газының бар-жоғына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің хабарлауынша, бүгінде қалада 20 автогаз құю станциясы жұмыс істеп тұр. Ондағы автогаз қоры – 267 тонна.
"Газ құю станцияларына кезектің басым бөлігі 29а, 24 және Шығыс шағын ауданының маңында байқалады. Қала шетіндегі автомобиль газ құю станцияларында кезек байқалмайды(ХГМЗ, Рекон) ",- деп хабарлады ведомство.
Әкімдік мәлім еткендей, 10 желтоқсандағы кестеге сәйкес 14 автогаз құю станциясына 247,8 тонна сұйытылған мұнай газын жөнелту жоспарланып отыр.
Аталған жағдай жауапты бөлімінің бақылауында тұр.
Ескесала кетейік, бұған дейін энергетика министрлігі Маңғыстау облысында газ тапшы деген ақпаратты жоққа шығарғаны хабарланған болатын.
Ақтаудың жанармай бекеттеріндегі кезек: министрлік газ тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді