Ақтаудың жанармай бекеттеріндегі кезек: министрлік газ тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді

© Sputnik / Владислав ВодневЗаправочный шланг в бензобаке автомобиля
Заправочный шланг в бензобаке автомобиля  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2023
Жазылу
Бұған дейін БАҚ ақтаулық жүргізушілердің қала аумағындағы газ тапшылығына шағымданып жатқанын жазған болатын. Олардың айтуынша, егер жанармай құю бекеттерінде газ болса, ұзын-сонар кезекке тұру керек.
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Энергетика министрлігі Ақтаудағы жанар-жағармай құю бекеттерінде автогаз тапшылығы жоқ, бірақ бірқатар шағын ауданда кезек бар екенін хабарлады.
Бұған дейін БАҚ ақтаулық жүргізушілердің қала аумағындағы газ тапшылығына шағымданып жатқанын жазған болатын. Олардың айтуынша, егер жанармай құю бекеттерінде газ болса, ұзын-сонар кезекке тұру керек.
"Кезектердің басым бөлігі 29а, 24 және "Шығыс" шағын ауданында байқалады. Қала сыртында кезек жоқ. Газ 54-59 теңгеден сатылып жатыр", - деп жазылған Қазақстанның энергетика министрлігінің хабарламасында.
Желтоқсан айына министрлік өңірге қосымша 1500 тонна газ бөлді.
Облыс бойынша 9 желтоқсандағы сұйытылған газдың қалдығы 1,83 мың тоннаны құрайды. Облыста жағдай тұрақты, сұйытылған газды тасымалдау кестеге сай жүргізіліп жатыр.
"Аудандар мен қала әкімдіктері жүргізген мониторинг жұмыстарының қорытындысына сәйкес2023 жылдың 9 желтоқсанындағы жағдай бойынша облыс бойынша сұйылтылған мұнай газының қалдығы 1828,7 тоннаны (екі және үш күндік қор) құрайды (Ақтау – 434, Жаңаөзен – 476, Мұнайлы – 322, Маңғыстау – 172, Түпқараған – 160,1, Бейнеу – 129,8, Қарақия – 134,8).
"Жергілікті атқарушы орган сұйылтылған мұнай газының бағасының сақталуын бақылау және өсуіне жол бермеу мақсатында қалалар мен аудандардың әкімдіктері күн сайын мониторинг жұмыстарын жүргізуде, облыстағы жағдай тұрақты, Ақтау қаласындағы, Мұнайлы және Түпқараған аудандарындағы жанармай құю бекеттерінде шамамен 5-7 көліктің кезегі бар, сұйылтылған мұнай газын жөнелтілу кестеге сай жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды ведомстводағылар.
Сонымен қатар газ тапшылығының алдын алу мақсптында 1 желтоқсаннан бастап "ҚазГӨЗ" зауытынан газ тасымалдау тәулігіне 570 тоннадан 620 тоннаға дейін ұлғайтылды, деп хабарлады ведомстводағылар.
Глава государства принял председателя правления АО НК QazaqGaz Санжара Жаркешова - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2023
QazaqGaz басшысы Тоқаевқа газ тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты
Жаңалықтар
0