Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей армиясы арнайы әскери операция аймағында алғаш рет Ка-52М тікұшағын қолданды

Sputnik
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Модернизацияланған Ка-52М тікұшақтары Украина қарулы күштерінің Донецк бағытындағы позицияларына шабуыл жасады, деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі. 

"Ка-52М тікұшақтарына мінген армия авиациясының экипаждары соққы беру тобының құрамында Донецк бағытында қарсы тараптың бекіністеріне басқарылмайтын авиация зымырандарымен шабуыл жасады", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Сондай-ақ министрліктегілер ұшқыштардың құрлық әскерінің бөлімшелеріне қолдау көрсету үшін жауынгерлік тапсырманы орындағанын түсіндірді. Соққылар авиациялық бағыттаушы ұсынған координаттар бойынша жүргізілді. 
 Шабуыл нәтижесінде ресейлік әскерилер Украина қарулы күштерінің басқару орталығы мен броньдалған көліктерін жойды. 

Модернизацияланған Ка-52М тікұшағы Ка-52А "Аллигатор" тікұшағының базалық нұсқасын Сирияда қолдану нәтижелері бойынша әзірленген. 

Көлік жаңа көздеу және навигация жүйесімен, белсенді фазалық антеннасы бар радиолокациялық жейемен, күшейтілген шасси тіректерімен, кеңейтілген қару-жарақ номенклатурасымен, соның ішінде "Атака-ВМ" (қашықтығы алты километрге дейін), "Вихрь" (сегіз километр) және "Вихрь-М" (он километр) және "Изделие 305" (14 километрден астам) зымырандарымен жабдықталды.