https://sputnik.kz/20231210/resey-armiyasy-arnayy-askeri-operatsiya-aymagynda-algash-ret-ka-52m-tikushagyn-qoldandy---40773487.html
Ресей армиясы арнайы әскери операция аймағында алғаш рет Ка-52М тікұшағын қолданды
Ресей армиясы арнайы әскери операция аймағында алғаш рет Ка-52М тікұшағын қолданды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Модернизацияланған Ка-52М тікұшақтары Украина қарулы күштерінің Донецк бағытындағы позицияларына шабуыл жасады, деп хабарлайды... 10.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-10T12:44+0500
2023-12-10T12:44+0500
2023-12-10T13:22+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1c/40476809_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_0b7a4972e229cfecefc3c85f79bfea57.jpg
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Модернизацияланған Ка-52М тікұшақтары Украина қарулы күштерінің Донецк бағытындағы позицияларына шабуыл жасады, деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі.
Сондай-ақ министрліктегілер ұшқыштардың құрлық әскерінің бөлімшелеріне қолдау көрсету үшін жауынгерлік тапсырманы орындағанын түсіндірді. Соққылар авиациялық бағыттаушы ұсынған координаттар бойынша жүргізілді.
Шабуыл нәтижесінде ресейлік әскерилер Украина қарулы күштерінің басқару орталығы мен броньдалған көліктерін жойды.
Модернизацияланған Ка-52М тікұшағы Ка-52А "Аллигатор" тікұшағының базалық нұсқасын Сирияда қолдану нәтижелері бойынша әзірленген.
Көлік жаңа көздеу және навигация жүйесімен, белсенді фазалық антеннасы бар радиолокациялық жейемен, күшейтілген шасси тіректерімен, кеңейтілген қару-жарақ номенклатурасымен, соның ішінде "Атака-ВМ" (қашықтығы алты километрге дейін), "Вихрь" (сегіз километр) және "Вихрь-М" (он километр) және "Изделие 305" (14 километрден астам) зымырандарымен жабдықталды.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1c/40476809_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_1fbbc70524aaed11945de0a50e8b0b88.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Ресей армиясы арнайы әскери операция аймағында алғаш рет Ка-52М тікұшағын қолданды
12:44 10.12.2023 (жаңартылды: 13:22 10.12.2023) АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Модернизацияланған Ка-52М тікұшақтары Украина қарулы күштерінің Донецк бағытындағы позицияларына шабуыл жасады, деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі.
"Ка-52М тікұшақтарына мінген армия авиациясының экипаждары соққы беру тобының құрамында Донецк бағытында қарсы тараптың бекіністеріне басқарылмайтын авиация зымырандарымен шабуыл жасады", - деп хабарлады ведомстводағылар.