Балқаш, Екібастұз және Ақтауда жылу желілеріндегі жөндеу жұмысы аяқталды

Өткен түнде Қазақстанның бірқатар қалаларын түрлі апат болған еді
Sputnik
АСТАНА, 10 дек — Sputnik. Балқаш, Екібастұз және Ақтау тұтынушылары үшін жылу беруді тоқтатуға жол берілген жоқ, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Өткен түнде Қазақстанның бірқатар қалаларын түрлі апат болған еді.
Сенбі күні Балқаш қаласындағы Абай және Абдугалиев көшесіндегі жылу желісінің құбырына зақым келіп, 6 сағат ішінде түнде қалпына келтірілді.
Екібастұз ЖЭО-да күл құбырында ақау анықталған болатын. Қалада қазіргі таңда 8 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беруде іркіліс болған жоқ.
Ақтау қаласындағы 11а ықшамауданында жылу желісі зақымдалған, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуда.
"Айта кетейік, бұл қалаларда болған ап технологиялық арақаулар ретінде сипатталады. Ең бастысы тұтынушыларға жылу беруді тоқтатуға жол берілмеді", - деп хабарлады энергетика министрлігі
Министрліктің мәліетінше,биыл еліміздегі барлық энергия көздерін тұрақты жылумен қамтамасыз ету бойынша бұрын-соңды болмаған ауқымды жұмыстар атқарылды.
Осының арқасында жылумен жабдықтау бойынша үлкен апаттардың алдын алу үшін шаралар қабылданды.
Ақтауда да шағын аудан тұрғындары жылусыз қалды