Ақтауда да шағын аудан тұрғындары жылусыз қалды

© Photo : riРадиатор отопления с термостатом
Радиатор отопления с термостатом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2023
Жазылу
Магистральдық жылу құбырында апат болып, кейбір шағын ауданда жылу беру уақытша шектелді
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда магистральдық құбырдың жарылуы салдарынан жылу айналымы апатты түрде тоқтатылды.
Магистральдық жылу құбырында апат болып, кейбір шағын ауданда жылу беру уақытша шектелді. Оқиға орнына қала әкімі Ұлықбек Тінәлиев барды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Диаметрі 800 миллиметр магистральдық құбырда апат болды. Қазір мамандар апат орнында жұмыс істеп жатыр. Жағдай менің жеке бақылауымда", - деді Тінәлиев.
Сондай-ақ қала басшысы осы қолайсыздықтар үшін ақтаулықтардан кешірім сұрады.
Желіні жөндеу кешке дейін аяқталуы керек.
Жаңалықтар
0