Атырау тұрғындары сусыз отыр: арнайы комиссия апаттың себебін анықтайды

Су құбырындағы ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Желтоқсанның 9-ынан 10-ына қараған түні Атырау тұрғындары сусыз қалды. Жайық өзенінде мұз қатып, ағыс жылдамдығы төмендеуіне байланысты, Атырау қаласының су тазарту қондырғысына су беру тоқтатылды.
"9 желтоқсан сағат 23:30-да "Атырау облысы Су арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Жайық өзенінде мұз қатып, ағыс жылдамдығы төмендеуіне байланысты қалаға су беруді тоқтатты", - делінген кәсіпорын хабарламасында.
Су беру жүйесіндегі ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. 10 желтоқсан таңғы сағат 4:30-да қалалық желілерге су авариялық жағдайды болдырмау үшін төмен қысымда берілді. Бірақ "Атырау-Мақат" магистральдық құбыры бағытында Береке шағын ауданына (тоғыз қабатты үйлер), Көктем, Жұлдыз - 3, Теңдік, Ақсай-1, Ақсай-2 шағын аудандарына техникалық себептерге байланысты су берутоқтатылды.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен осы жағдайдың мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылды.
Ақтауда да шағын аудан тұрғындары жылусыз қалды