РФ Федерация кеңесінің төрағасы "Россия сегодня" медиа тобын құттықтады

Федерация кеңесі спикерінің айтуынша, медиа топтың аудиториясы жыл сайын артып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. РФ Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко "Россия сегодня" ұжымы мен оның бас директоры Дмитрий Киселевті медиа топтың 10 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады РИА Новости.
"Сіздер Кеңестік ақпарат бюросы, "Новости" баспасөз агенттігі, "Мәскеу радиосы", "Ресей дауысы" дәстүрлерін жоғары деңгейде жалғастырып келесіздер. Сіздер мұны кәсіби тұрғыда, жедел, журналистік этиканың жоғары нормаларын қатаң сақтау арқылы және заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып орындап жатырсыздар", - деп жазылған құттықтау жеделхатында.
Валентина Матвиенко "Россия сегодня" журналистері ақпарат саласында алдыңғы шепте бола отырып, "қоғамдық пікірді көрсету және қалыптастыру", "Ресей туралы шындықты, оның ашық ұстанымын бүкіл әлемге жеткізу" деген маңызды міндетті орындап, осылайша халықтар арасында өзара түсіністікті нығайтып жатқанын айтты.
"Соңғы онжылдықта "Россия сегодня" қуатты көпбейінді холдингке айналды, оның аудиториясы елімізде де, шетелде де өсіп жатыр" – деді Федерация кеңесінің спикері.
Ол ұжымға алдағы уақытта да өз алдына жаңа биік мақсаттар қоя беруді тіледі.
"Ол мақсаттар сәтті жүзеге асатынына сенімдімін", - деді Матвиенко.
"Россия сегодня" халықаралық медиа тобы бірнеше ақпараттық ресурсты біріктіреді: РИА Новости, Sputnik радиосы, ПРАЙМ, ИноСМИ, Baltnews, Украина.ру, Социальный навигатор, КОТ, Arctic.ru, Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы.
Қазір "Россия сегодняда" 3 300 қызметкер жұмыс істейді, он жаңалықтар бренді, 30 тілде сайты, әлемнің 127 қаласында тілшілері, 17 елде радиохабары бар.
Путин 2024 жылғы президент сайлауына қатысатынын айтты