Путин 2024 жылғы президент сайлауына қатысатынын айтты

© POOL / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2023
Жазылу
Ресейдегі президент сайлауы үш күн қатарынан 2024 жылғы 15-17 наурыз аралығында өтеді
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин ДХР батыры Артем Жогаға президент сайлауына қатысу жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Тиісті өтініш Ресей батырларына "Алтын жұлдыз" медалін тапсыру рәсімінде президент пен салтанатты шараға қатысушылар арасындағы бейресми әңгіме барысында айтылды.
Бұдан бұрын хабарланғадай, Федерация кеңесі Ресей Федерациясының президент сайлауын 2024 жылғы 17 наурызға белгілеу туралы қаулы қабылдады.
"Бұл шешім іс жүзінде президенттік сайлау науқанының басталғанын білдіреді", - деді палата спикері Валентина Матвиенко.
Ол "заманның басты сын-қатерлеріне қатысты Ресей тарапынан орындалатын іс-әрекеттердің сәтті болуы осы сайлауға байланысты" деп айтты.
"Алдағы сайлау – тарихи оқиға. Ол біздің дамуымыздың бағдарын және бүкіл адамзат үшін ауқымды өзгерістердің күрт кезеңіне апаратын жолды анықтайды", - деді Матвиенко.
Сенатордың айтуынша, бұл сайлау халықаралық қызығушылық тудырады. Өйткені Ресей бүгінде әділ жаһандық болашақтың басты сәулетшілерінің бірі болып саналады.
Ресей орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилованың айтуынша, Ресейдің сайлау жүйесі үшін үш күнге созылатын дауыс беру дәстүрге айналды. Ол алғаш рет коронавирус пандемиясы кезінде қолданылған.
Подготовка избирательных участков к выборам в России - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2023
Ресейде 17 наурызда президент сайлау өтеді
Жаңалықтар
0