АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Палестина халқын қолдауға гуманитарлық көмек жіберілді", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік және төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүк, сондай-ақ "СК-Фармация" ЖШС дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жүк ұшағымен жіберілді.
Тізбеде барлығы 14 тауар түрі бар. Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады.
Гуманитарлық жүкті ТЖМ 28237 әскери бөлімінің күштері тиеді.
Жүк "Қызыл Жарты Ай" қоғамының өкілдеріне беріледі.