Өңірлер

Степногорда желіде апат болды: үйлер жылусыз қалды

"Степногорск Теплотранзит" ЖШС мамандары қала тұрғындарының үйлерінде жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысының Степногорск қаласында жылу трассасында апатты жағдай орын алды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөөз қызметі.

Нәтижесінде бірнеше көпқабатты үйлерге жылу беру тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстарын жою және үйлестіру үшін облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен жедел штаб жұмыс істеді. "Степногорск Теплотранзит" ЖШС мамандары қала тұрғындарының үйлерінде жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақын арада жылу беру қалпына келтіріледі. Жағдай тұрақты және жергілікті атқарушы органдардың бақылауында", - делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде жұрт жығылған жұдырық болғандай кешеден бері қаланы аяз қысып тұрғанын жарыса жазуда.
Облыс басшысы болса апат жақын арада жойылатынын айтып сендірді.
Щучинск қаласындағы коммуналдық апат: батареялардан мазут ағып жатыр