Щучинск қаласындағы коммуналдық апат: батареялардан мазут ағып жатыр

© Photo : riРадиатор отопления с термостатом
Радиатор отопления с термостатом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2023
Жазылу
№ 8 қалалық гимназияда батареяларда жылу жоқ
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан - Sputnik. Щучинск қаласында коммуналдық апат салдарынан оқушылар қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Щучинск тұрғындары ыстық судың орнына батареяларда мазут ағып жатқанын айтады.
"Батареяның ауасын шығарайын деп ашқан кезде қара қою сұйықтықтың ағып жатқанын көрдім. Мен жылдам шүмекті жауып тастадым. Үйдегі жиһаз, еден барлығы былғанып кетті. Енді батареяларымыздың күйі не боларын білмеймін", - дейді тұрғындар.
№ 8 қалалық гимназияда батареяларда жылу жоқ. Ауасын шығарған кезде ыстық мазут аққан. Мектептегі еден жуушылар әлі күнге лас еденді тазалап жүр.
"Біз қызмет көрсететін ұйымға жүгіндік. Олар келіп, өз жұмыстарын жасады. Бүгінгі таңда бізде мектеп қашықтықтан оқыту форматына көшті", - дейді Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясының директоры Гүлмира Қалиева.
Жылу мамандары мазуттың құбырларда ағып жатқанын жасырмады. Айтуларынша, қазандықта апат болған. Бірақ олар бүлінген дәнеңе жоқ, қалыпты жағдай деп отыр.
"Бу құбырының желісінде мазут пайда болғаны рас. 12 қазандықта мазутты бөлу, ұстау, мазут қоспаларын алу және мектеп пен ғимараттардың жылу жүйесін жуу жұмыстары жүріп жатыр ", - дейді "Жаңа Тұрмыс" ЖШС директорының орынбасары Асхат Ілдебаев.
Қала тұрғындары жуғаннан кейін де батареяларда мазут қалады деп үрейленеді.
Жаңалықтар
0