АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Жемқорлықты өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бірігіп әшкерелеген.
"Ол қатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат еткені және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.