Шығыс Қазақстанда экология департаментінің басшысы ұсталды

© Sputnik/Ертай СарбасовАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2023
Жазылу
Оған кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алды деген айып тағылып отыр
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Жемқорлықты өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бірігіп әшкерелеген.
"Ол қатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат еткені және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2023
Елордада жедел жәрдем станциясының басшысы ұсталды - Антикор
Жаңалықтар
0