Оралда 24 құрылыс салушы үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан

Жеке құрылыс салушылардың қызметін тексеру кезінде бірыңғай оператормен шарт жасаспағаны анықталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының прокуратурасы 5 млн теңгеден астам айыппұлды өндіріп, 10 заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Қала прокуратурасы жеке құрылыс салушылардың қызметін тексеру кезінде бірыңғай оператормен шарт жасаспай, үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан 24 құрылыс салушыны анықтады.
"Прокурорлық қадағалау актісі негізінде "Строй Техно Групп" ЖШС, "СВС Батыс" ЖШС, "АТМ Group Kazakhstan" ЖШС, "Бизнес План" ЖШС, "Сапар Строй Азия" ЖШС, "КМТ-Сити Строй" ЖШС, "Alim Construction LTD" ЖШС, "АТЖ2" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр", - дейді ведомство.
2016 жылдың 10 қазанында "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заң қолданысқа енгізілді. Оған сәйкес заңда белгіленген талаптарды бұза отырып, тұрғын үй салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.
Жыл соңына дейін 3,6 мың үлескер баспаналы болады – Астана әкімі