Елорда тынысы

Астанада сырғанақтар мен мұз айдындары қай жерде ашылады

Олардың бәріне кіру елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады
Sputnik
АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Астанада сырғанақтар, мұз айдындары, шаңғы трассалары, жаңа жылдық фотоаймақтар және өзге де көптеген көңілді орындар ашылады. Барлығы 60-қа жуық сырғанақтар мен мұз айдындары дайындалады.
Олардың бәріне кіру елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады. Қыс мезгілінде бос уақытты пайдалы өткізу үшін мынадай орындар белгіленді:
Байқоңыр ауданында:
"Жастар" сарайы (Республика даңғылы, 34) – оның аумағында мұз айдынын, сырғанақ ашу жоспарланып отыр, сондай-ақ жаңа жылдық шырша орнатылады
К.Ататүрік атындағы саябақ (Ж.Тәшенов көшесі) – оның аумағына мұз айдыны мен сырғанақ орнату жоспарланып отыр
"Жазушылар" аллеясы (Абай даңғылы) – осы учаскеде сырғанақ, "Жаңа жылдық шар", Аяз Ата мен Ақшақар мүсіндерін және т.б. орнату жоспарланып отыр.
Өндіріс елді мекені (Ақбидай мен Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысы) – мұнда мұз айдыны мен сырғанақ орнатылады.
Кирпичный елді мекені (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы) – Өндіріс елді мекенінде мұз айдыны мен сырғанақ орнатылады;
"Қазқалашық" елді мекені (Досмұхамедұлы көшесі, 6) – биіктігі 2 метр сырғанақ, 6 метрлік конустық шырша орнатылады;
"СМП" ТМ (Кеншілер көшесі 5, 126-көше) – биіктігі 2 метр сырғанақ және 6 метрлік конустық шырша орнатылады. Дәл осындай сырғанақ 126-шы көшеде орнатылады.
"Қоянды" (Алаш тас жолы) – бұл учаскеде биіктігі 4 метр болатын сырғанақ орнатылады, мұз айдынының ауданы 240 шаршы метрді құрайды, сондай-ақ 5 метрлі шырша орнатылады.
Сарыарқа ауданында мына орындар бойынша 11 сырғанақ пен 4 мұз айдынын салу жоспарланып отыр:
Бөгенбай батыр даңғылы, 43, (мұз айдыны);
Қалалық алаң, Бейбітшілік көшесі, 11 (2 сырғанақ және мұз айдыны);
Көктал саябағы (2 сырғанақ және мұз айдыны);
Кенесары хан ескерткішінің жанындағы Есіл өзенінің жағалауы (6 сырғанақ пен мұз айдыны);
Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысы (1 сырғанақ).
Алматы ауданында сырғанақтар (11) "Қазақ елі" алаңында, Триатлон саябағында, Пирамиданың артындағы саябақта, Оқушылар сарайының аумағында, "Нұрлы жол" вокзалының аумағында, Сарайшық шағын ауданында, тағы 5 сырғанақ Теміржолшылар, Промышленный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино елді мекендерінде болмақ. Мұз айдындары "Қазақ елі" алаңында, "Триатлон" саябағында, "Пирамида" артындағы саябақта және көпір астындағы аумақта орналасады.
Нұра ауданында да арнайы тақырыпқа арналған шағын архитектуралық фигуралар орнатылады, фотоаймақтар ашылады және 6 төбешік пен 2 сырғанақ болады:
Орталық саябақ (төбешік, сырғанақ);
"Хан Шатыр" сауда үйінің жанындағы аумақ (2 сырғанақ, мұз айдыны);
"Азия Парк" СОО (төбешік);
Айтматов-Сығанақ қиылысы (төбешік);
Үркер елді мекенінің Айғыржал көшесіндегі алаң (төбешік).
Есіл ауданында мерекелік іс-шараларды өткізу үшін үш негізгі орын белгіленді – ЭКСПО алаңы, Ботаникалық бақ және "Керуен" сауда үйі. Ботаникалық бақта және ЭКСПО аумағында 2 төбешік, Ботаникалық бақта, "Керуен" СОО жанында мұз айдыны, сонымен қатар ЭКСПО аумағында 2 сырғанақ орнатылады.
Сондай-ақ, "Бәйтерек" монументі, Салтанат қақпасы, Нұржол бульвары және "Астана Балет" театры маңындағы аумақтар шағын архитектуралық фигуралармен безендіріледі. Мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін Мәңгілік Ел даңғылы, Достық, Сарайшық, Қонаева, Бөкей хан көшелері бойындағы т.б. ағаштарды безендіру жоспарланып отыр.
Оралда сырғанақ тепкен қыздың бауыры езіліп, үш қабырғасы сынған