Оралда сырғанақ тепкен қыздың бауыры езіліп, үш қабырғасы сынған

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Орал қаласында 17 жастағы қыз сырғанақ теуіп жүріп ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Төбешіктен сырғанаған қызға болатарқан тиген. Соққының қатты болғаны сонша, бауыры езіліп, үш бірдей қабырғасы сынған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл оқиға жекеменшік демалыс базасында болған.
"29 қаңтарда сағат 01:34-те облыстық балалар ауруханасына 2005 жылы туған кәмелетке толмаған қыз түсті. 28 қаңтар күні шамамен сағат 22:00-де Свистун тауында сырғанақ теуіп жүргенде оны болатарқан соғып кеткен. Жағдайы ауыр", - дейді дәрігерлер.
Зардап шеккен қызға іштің жабық жарақатын алған, бауыры езілген, оң жақтағы 5, 6, 7 қабырғасы сынған деген диагноз қойылды.
Жаңалықтар
0