Батыс Қазақстанда 30-дан астам жұмысшы бірнеше ай еңбекақы алмаған

Прокуратураның араласуынан кейін 4 млн теңгеден астам еңбекақы төленді
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында жұмысшылар бірнеше ай жалақы алмаған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Қаратөбе ауданының коммуналдық кәсіпорынының 33 жұмысшысы бірнеше ай еңбекақы алмаған.
"Мемлекеттен алатын субсидияның есебін уақтылы тапсырмағандықтан жұмысшылар еңбекақы ала алмаған. Прокуратураның араласуынан кейін 4 млн теңгеден астам еңбекақы берешегі жойылды", - дейді ведомство.
Кәсіпорын директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәсіпорынның кірісін өсіру үшін жүмыс орнының жарғысына өзгерістер енгізіліп, көрсетілетін қызмет түрлері кеңейтілген.
Экономика
Қазақстанда жалақы қарызы 1 миллиард теңгеге жетті