Өңірлер

Енді 5 минут сайын: Алматы метросында пойыздар жиі жүре бастады

Қосымша пойыздар жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады
Sputnik
АСТАНА, 4 желтоқсан - Sputnik. Алматы метросында пойыздардың саны артты, деп хабарлайды мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Енді қарбалас уақытта желіде 11 құрам 5 минут 38 секунд жиілікпен қызмет көрсететін болады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Метрополитен әкімшілігі жолаушылар ағынына талдау жасады. Оқу жылы басталысымен жолаушылар ағыны 70 мыңнан 90 мыңға дейін артқан.
"Талдау нәтижесінде жолаушылар саны күніне 100 мыңға дейін көбейгендігі ескеріліп, желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылданды. Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады", - деп хабарлады әкімдік.
Еске сала кетейік, Алматы метрополитені 2011 жылғы 1 желтоқсанда іске қосылды, қазіргі кезде 11 станция бар. Әрі қарай 4 станцияның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қоғам
Алматы метросында жаңа бекеттер ашылды