https://sputnik.kz/20220530/almaty-metrosynda-zhana-beketter-ashyldy-25164377.html
Алматы метросында жаңа бекеттер ашылды
Алматы метросында жаңа бекеттер ашылды
Sputnik Қазақстан
Жаңа станциялар қала орталығын шет жақтағы аудандармен байланыстырады 30.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-30T11:26+0500
2022-05-30T11:26+0500
2022-05-30T11:26+0500
қоғам
алматы
метро
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1e/25161307_0:1:1918:1080_1920x0_80_0_0_ffb3c8a634a51806390ab92e37adb5ac.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Алматыда метроның "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" бекеттері ашылды.Салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімі Ерболат Досаев метрополитен құрылысшылары мен қызметкерлеріне ерен еңбегі мен қоғамдық көлікті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты."Бұл қала мен тұрғындар үшін өте маңызды оқиға деп санаймын. Жолаушылар ағыны 50 мыңнан 85 мыңға дейін өседі деп болжап отырмыз. Қала барынша жайлы болады. Бәрімізді толғандыратын трафик, экологияны жақсарту мәселелерін шешеміз", - деді Досаев.Жаңа станциялар қала орталығын шет жақтағы аудандармен байланыстырады. Қозғалыс аралығы 8-12 минут болатын 15 төрт вагонды электрпойызды іске қосу жоспарланып отыр.Әкімдік ақпаратынша, метро одан әрі "Барлық" базарына дейін барады. Сондай-ақ, қала инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлар әзірленуде, онда метрополитеннің дамуы көрініс табады. Қала әкімі метро құрылысшыларын үлкен жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1e/25161307_239:0:1679:1080_1920x0_80_0_0_cdf1c87c630b4ad1ffa129121fdeec83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, метро
Алматы метросында жаңа бекеттер ашылды
Жаңа станциялар қала орталығын шет жақтағы аудандармен байланыстырады
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Алматыда метроның "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" бекеттері ашылды.
Салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімі Ерболат Досаев метрополитен құрылысшылары мен қызметкерлеріне ерен еңбегі мен қоғамдық көлікті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
"Бұл қала мен тұрғындар үшін өте маңызды оқиға деп санаймын. Жолаушылар ағыны 50 мыңнан 85 мыңға дейін өседі деп болжап отырмыз. Қала барынша жайлы болады. Бәрімізді толғандыратын трафик, экологияны жақсарту мәселелерін шешеміз", - деді Досаев.
Жаңа станциялар қала орталығын шет жақтағы аудандармен байланыстырады. Қозғалыс аралығы 8-12 минут болатын 15 төрт вагонды электрпойызды іске қосу жоспарланып отыр.
Әкімдік ақпаратынша, метро одан әрі "Барлық" базарына дейін барады. Сондай-ақ, қала инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлар әзірленуде, онда метрополитеннің дамуы көрініс табады. Қала әкімі метро құрылысшыларын үлкен жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.