АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Түркістанда полиция қызметкерлері төрт жасар ұлды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
1 желтоқсан күні кешке полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлы үйіне қайта оралмаған.
Ер адамның арызы бірден тіркеліп, полицияның жеке құрамы іздестіру шараларына жұмылдырылды. Қазір тәртіп сақшылары жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Түркістанда төрт жасар бала жоғалып кетті
© Photo : ҚР ІІМ баспасөз қызметі
"Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім болған", - делінген хабарламада.
Жоғалған баланың жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фотосуретімен бірге барлық аумаққа жолданды. Еріктілер мен тұрғындар да көмекке келді.
Полиция баланы көрген-білген азаматтар болса, шұғыл мына нөмірлерге – 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.