Өңірлер

Алматы облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Түрмелердің бірінде сотталғандарға сәлемдеме арқылы есірткі жеткізіліп тұрған
Sputnik
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" республикалық операциясы кезінде есірткінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысында Алматы қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олар жеке үйдің аумағында синтетикалық есірткі өндіретін есірткі зертханасын жасап алған. Тінту кезінде 3 тонна прекурсор, зертханалық құрал-жабдықтар және психотроптық заттың дайын өнімі – 55 келі мефедрон тәркіленді.
Алматының тағы 4 тұрғыны Абай және Алматы облыстарының аумағында есірткіні өткізу бойынша интернет-дүкен ұйымдастырған. Олардан есірткіні буып-түю материалдары, ноутбуктер мен ақша тәркіленді. Ал интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды. Күдіктілер ұсталды.
Бұдан бөлек, Қарағанды облысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінде сотталғандарға сәлемдемелер арқылы есірткі жеткізу арнасы жойылды. Ал Тараз қаласында ұзақ уақыт бойы ірі көлемде героин жеткізумен және өткізумен айналысқан 63 жастағы әйел ұсталды.
Қоғам
Студенттер мен оқушылар неге есірткі сатушылардың оңай олжасына айналады