Qazaq Air 1 қаңтардан бастап Астанадан Жезқазғанға қайта ұшады

Рейстер күн сайын канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 әуе лайнерлерімен орындалады
Sputnik
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Qazaq Air әуе компаниясы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанадан Жезқазғанға ұшуды қайта бастайды.
"QAZAQ AIR Астанадан Жезқазғанға күн сайын канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 заманауи әуе лайнерлерімен ұшады. Бір бағыттағы билеттің құны 18 000 теңгеден басталады", - делінген тасымалдаушының хабарламасында.
Ұшу кестесі (жергілікті уақыт бойынша):
IQ 389 Астана 09:55 – Жезқазған 11: 00
IQ 390 Жезқазған 11:35 – Астана 12: 45.
Бұған дейін Qazaq Air желтоқсаннан бастап Новосибирскіге рейстерді қайта қалпына келтіретіні хабарланған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстан вьетнамдық лоукостер VietJet Air әуе компаниясымен Qazaq Air-ді сату бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Qazaq Air құны – 10 млрд теңге, оған қоса компанияның қарызы бар.
VietJet Вьетнам мен Қазақстан арасында аптасына 4 рет жолаушылар рейсін орындайды және рейстер санын арттыруды жоспарлап отыр.
Qazaq Air 2015 жылы құрылған, "Самұрық-Қазына" қорының активі саналады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Qazaq Air 20,4 млрд теңге табыс тапқан.