https://sputnik.kz/20231201/qazaq-air-1-qantardan-bastap-astanadan-zhezqazganga-qayta-ushady-40529254.html
Qazaq Air 1 қаңтардан бастап Астанадан Жезқазғанға қайта ұшады
Qazaq Air 1 қаңтардан бастап Астанадан Жезқазғанға қайта ұшады
Sputnik Қазақстан
Рейстер күн сайын канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 әуе лайнерлерімен орындалады 01.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-01T07:00+0500
2023-12-01T07:00+0500
2023-12-01T07:00+0500
рейстер
астана
жезқазған
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39321655_0:0:685:385_1920x0_80_0_0_76c5d6e68af31e2b2b9e3724b989411b.jpg
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Qazaq Air әуе компаниясы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанадан Жезқазғанға ұшуды қайта бастайды.Ұшу кестесі (жергілікті уақыт бойынша):Бұған дейін Qazaq Air желтоқсаннан бастап Новосибирскіге рейстерді қайта қалпына келтіретіні хабарланған болатын.Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстан вьетнамдық лоукостер VietJet Air әуе компаниясымен Qazaq Air-ді сату бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Qazaq Air құны – 10 млрд теңге, оған қоса компанияның қарызы бар.VietJet Вьетнам мен Қазақстан арасында аптасына 4 рет жолаушылар рейсін орындайды және рейстер санын арттыруды жоспарлап отыр.Qazaq Air 2015 жылы құрылған, "Самұрық-Қазына" қорының активі саналады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Qazaq Air 20,4 млрд теңге табыс тапқан.
астана
жезқазған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39321655_14:0:527:385_1920x0_80_0_0_b30b6965009a1be6978447b8ff0ea070.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рейстер, астана, жезқазған
рейстер, астана, жезқазған
Qazaq Air 1 қаңтардан бастап Астанадан Жезқазғанға қайта ұшады
Рейстер күн сайын канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 әуе лайнерлерімен орындалады
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Qazaq Air әуе компаниясы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанадан Жезқазғанға ұшуды қайта бастайды.
"QAZAQ AIR Астанадан Жезқазғанға күн сайын канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 заманауи әуе лайнерлерімен ұшады. Бір бағыттағы билеттің құны 18 000 теңгеден басталады", - делінген тасымалдаушының хабарламасында.
Ұшу кестесі (жергілікті уақыт бойынша):
IQ 389 Астана 09:55 – Жезқазған 11: 00
IQ 390 Жезқазған 11:35 – Астана 12: 45.
Бұған дейін Qazaq Air желтоқсаннан бастап Новосибирскіге рейстерді қайта қалпына келтіретіні хабарланған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстан вьетнамдық лоукостер VietJet Air әуе компаниясымен Qazaq Air-ді сату бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Qazaq Air құны – 10 млрд теңге, оған қоса компанияның қарызы бар.
VietJet Вьетнам мен Қазақстан арасында аптасына 4 рет жолаушылар рейсін орындайды және рейстер санын арттыруды жоспарлап отыр.
Qazaq Air 2015 жылы құрылған, "Самұрық-Қазына" қорының активі саналады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Qazaq Air 20,4 млрд теңге табыс тапқан.