АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Дүниежүзілік банк (ДБ) Украинаға әскери қақтығыстың жойқын салдарынан зардап шеккен тұрмысы төмен адамдарға арналған әлеуметтік көмек бағдарламалары пакетін бекітті.
"Инклюзивтілік, тұрақтылық және тиімділік үшін әлеуметтік қорғауға инвестиция салу" (INSPIRE) жобасы Жапония үкіметі қолдайтын семгерлік қор кепілдігімен Дүниежүзілік банктің кредиті есебінен 1,2 миллиард доллар көлемінде қаржыландырылады.
"Бұл жоба аса қажеттілік кезеңінде он миллионға жуық украинды қамтиды деп жоспарланып отыр. Ол Украина үкіметінің қыс мезгілі жақындаған кезде кедейлер мен осал топтарға әлеуметтік қолдау көрсету мүмкіндігін күшейтеді", - делінген банктің баспасөз хабарламасында.
Қақтығыс басталғаннан бері Дүниежүзілік банктің қаржылай қолдауы 15 миллионнан астам украинды қамтыды. Дүниежүзілік банк Украинаүкіметіне 38 миллиард доллардан астам қаржы бөлді.