Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Дүниежүзілік банк Украинаға әлеуметтік көмек көрсету бағдарламалары пакетін бекітті

© AFP 2024 / Tim Sloan Дүниежүзілік банктің ғимараты
Дүниежүзілік банктің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2023
Жазылу
Дүниежүзілік банк қақтығыс басталғаннан бері Украина үкіметіне 38 миллиард доллардан астам қаржы бөлді
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Дүниежүзілік банк (ДБ) Украинаға әскери қақтығыстың жойқын салдарынан зардап шеккен тұрмысы төмен адамдарға арналған әлеуметтік көмек бағдарламалары пакетін бекітті.
"Инклюзивтілік, тұрақтылық және тиімділік үшін әлеуметтік қорғауға инвестиция салу" (INSPIRE) жобасы Жапония үкіметі қолдайтын семгерлік қор кепілдігімен Дүниежүзілік банктің кредиті есебінен 1,2 миллиард доллар көлемінде қаржыландырылады.
"Бұл жоба аса қажеттілік кезеңінде он миллионға жуық украинды қамтиды деп жоспарланып отыр. Ол Украина үкіметінің қыс мезгілі жақындаған кезде кедейлер мен осал топтарға әлеуметтік қолдау көрсету мүмкіндігін күшейтеді", - делінген банктің баспасөз хабарламасында.
Қақтығыс басталғаннан бері Дүниежүзілік банктің қаржылай қолдауы 15 миллионнан астам украинды қамтыды. Дүниежүзілік банк Украинаүкіметіне 38 миллиард доллардан астам қаржы бөлді.
Жаңалықтар
0