Өңірлер

Жамбыл облысында 10 млн теңге бюджет қаржысын заңсыз жұмсаған бухгалтер сотталды

Мемлекетке келтірілген залал тергеу барысында өтелді
Sputnik
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Жамбыл облысының Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне үш жыл бойы бюджет қаражатын аванс түрінде заңсыз аударған, деп хабарлайды облыс прокуратурасы.
Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтаған. Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы (ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.
Тергеу Жамбыл облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
"Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді. 2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен орталық бухгалтері шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жетісу облысында 20-дан астам бухгалтер қаржы жымқырды деген күдікке ілінді