https://sputnik.kz/20231130/zhambyl-oblysynda-10-mln-tenge-byudzhet-qarzhysyn-zansyz-zhumsagan-bukhgalter-sottaldy-40525519.html
Жамбыл облысында 10 млн теңге бюджет қаржысын заңсыз жұмсаған бухгалтер сотталды
Жамбыл облысында 10 млн теңге бюджет қаржысын заңсыз жұмсаған бухгалтер сотталды
Sputnik Қазақстан
Мемлекетке келтірілген залал тергеу барысында өтелді 30.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-30T09:03+0500
2023-11-30T09:03+0500
2023-11-30T09:03+0500
өңірлер
жамбыл облысы
бюджет қаражаты
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15612987_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_01974bb5d0dc6605c7afe20656a9f18e.jpg
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Жамбыл облысының Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне үш жыл бойы бюджет қаражатын аванс түрінде заңсыз аударған, деп хабарлайды облыс прокуратурасы.Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтаған. Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы (ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.Тергеу Жамбыл облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды."Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді. 2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен орталық бухгалтері шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды", - делінген хабарламада.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20231024/zhetisu-oblysynda-20-dan-astam-bukhgalter-qarzhy-zhymqyrdy-degen-kudikke-ilindi-39610753.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15612987_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_5ccec6861708b61c2a8e1c37676c7842.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, бюджет қаражаты
жамбыл облысы, бюджет қаражаты
Жамбыл облысында 10 млн теңге бюджет қаржысын заңсыз жұмсаған бухгалтер сотталды
Мемлекетке келтірілген залал тергеу барысында өтелді
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Жамбыл облысының Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне үш жыл бойы бюджет қаражатын аванс түрінде заңсыз аударған, деп хабарлайды облыс прокуратурасы.
Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтаған. Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы (ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.
Тергеу Жамбыл облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
"Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді. 2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен орталық бухгалтері шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.