Тоқаев Алматыда хостелде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады
Sputnik
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Алматыда 30 қарашаға қараған түні хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адам қайтыс болды. Кейіннен қаза тапқан марқұмдардың қай елдің азаматтары екені айтылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, хостелдің рұқсат құжаты болмаған. 13 адамның өмірін қиған өртті тексеруге үкіметтік комиссия құрылды.
"Есіктің алдында кептеліп қалды": куәгерлер Алматыдағы трагедияның қалай болғанын айтты