Алматыдағы трагедия: хостелдің жұмыс істеуге рұқсаты болмаған – ТЖД

© Sputnik/Ертай СарбасовНұрлан Атығаев
Нұрлан Атығаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Жазылу
Бұл жатақхана ретінде жабдықталған жертөле болатын
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Өрт шыққан жатақхананың жұмыс істегеніне небәрі 1,5 ай болған және жұмыс істеуге рұқсат қағазы болмаған, деп хабарлады журналистерге Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, полковник Нұрлан Атығаев.
"Жертөледегі бөлмені тұрғын үйге айналдыруға тыйым салынады. Өрт дабылы бар, ол қосылған, бірақ алғашқы өрт сөндіру құралдары жоқ", - деп толықтырды ТЖД басшысы.
Еске сала кетейік, Алматыда 30 қараша күні таңертең Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шығып, 13 адамның мәйіті табылды. Тағы бірнешеуі ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша оларға иіс тиген.
Пожар в хостеле Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Алматыдағы өрттің шығу себебін тексеретін үкіметтік комиссия құрылды
Жаңалықтар
0