АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Алматыда хостелдегі өрттен қаза тапқандардың арасында бір ресейлік – Саха Республикасының азаматы мен бір Өзбекстан азаматы бар, қалғанының барлығы қазақстандық, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Әкімдіктің баспасөз қызметі сондай-ақ хостел Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттерін орналастыру бойынша меморандум жасамағанын хабарлады.
"Студенттерден бұл жатақханада тұруға өтініш түспеген, студенттерді бұл хостелге орналастыру жұмысы ұйымдастырылмаған", - деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.
Алматыда 30 қараша күні таңертең Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шығып, 13 адамның мәйіті табылды. Тағы бірнешеуі ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша оларға иіс тиген.