Досаев Алматыда хостелде қаза тапқандар туралы: екеуі шетелдік, қалғаны қазақстандық

© Sputnik/Ертай СарбасовЕрболат Досаев
Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Жазылу
Әкімдіктің баспасөз қызметі хостел Алматыдағы жоғары оқу орындарымен студенттерді орналастыру бойынша меморандум жасамағанын хабарлады
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Алматыда хостелдегі өрттен қаза тапқандардың арасында бір ресейлік – Саха Республикасының азаматы мен бір Өзбекстан азаматы бар, қалғанының барлығы қазақстандық, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Әкімдіктің баспасөз қызметі сондай-ақ хостел Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттерін орналастыру бойынша меморандум жасамағанын хабарлады.
"Студенттерден бұл жатақханада тұруға өтініш түспеген, студенттерді бұл хостелге орналастыру жұмысы ұйымдастырылмаған", - деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.
Алматыда 30 қараша күні таңертең Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шығып, 13 адамның мәйіті табылды. Тағы бірнешеуі ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша оларға иіс тиген.
Алматыда хостелден өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Өрт болған хостелде студенттер мен жалдамалы жұмысшылар тұрған
Жаңалықтар
0