АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Өрт шыққан жатақхананың жұмыс істегеніне небәрі 1,5 ай болған және жұмыс істеуге рұқсат қағазы болмаған, деп хабарлады журналистерге Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, полковник Нұрлан Атығаев.
"Жертөледегі бөлмені тұрғын үйге айналдыруға тыйым салынады. Өрт дабылы бар, ол қосылған, бірақ алғашқы өрт сөндіру құралдары жоқ", - деп толықтырды ТЖД басшысы.
Еске сала кетейік, Алматыда 30 қараша күні таңертең Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шығып, 13 адамның мәйіті табылды. Тағы бірнешеуі ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша оларға иіс тиген.