Алматыдағы өрттің шығу себебін тексеретін үкіметтік комиссия құрылды

Үкіметтік комиссия зардап шеккендерге бірінші кезекте көмек көрсетеді
Sputnik
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды", - деп жазылған хабарламада.
Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезекте көмек көрсетеді.
Еске сала кетейік, Алматыда 30 қараша күні таңертең Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шығып, 13 адамның мәйіті табылды. Тағы бірнешеуі ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша оларға иіс тиген.
Досаев Алматыда хостелде қаза тапқандар туралы: екеуі шетелдік, қалғаны қазақстандық