АЛМАТЫ, 29 қараша – Sputnik. Алматы облысында бірнеше жол 4 айға жабылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Жолдардың жабылатыны туралы Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеген.
"Есік көліне кіреберістегі "Алматы-Талғар-Евгеньевка", "Талғар-Спутник", "Түрген – Обсерватория" автомобиль жолдары 2023 жылдың 28 қарашасынан бастап 2024 жылдың 31 наурызына дейін жабық болады", - делінген хабарламада.
Басқарманың айтуынша, шектеу қысқы кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қойылды.