https://sputnik.kz/20231128/zhol-salasyn-reformalau-ushin-zandarga-39-tuzetu-engiziledi--kolik-ministri-40497841.html
Жол саласын реформалау үшін заңдарға 39 түзету енгізіледі – көлік министрі
Жол саласын реформалау үшін заңдарға 39 түзету енгізіледі – көлік министрі
Sputnik Қазақстан
Жыл соңына дейін барлық автожол жобасында ФИДИК халықаралық қағидаттарын енгізу жоспарланып отыр 28.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-28T18:47+0500
2023-11-28T18:47+0500
2023-11-28T18:47+0500
жол жөндеу
https://sputnik.kz/img/07e7/07/15/36919102_0:158:1659:1091_1920x0_80_0_0_e7e8fa385cf3bc5d9570713f5f333d92.jpg
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Жол саласын реформалау аясында 6 нормативтік құқықтық актіге 39 түзету енгізіледі. Бұл туралы үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Бюджет кодексіне, "Автомобиль жолдары туралы", "Жол қозғалысы туралы", "Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы", "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы", "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мемлекеттік реттеу туралы" заңдарға өзгерістер енгізіледі.Бұдан басқа, Қазжол ғылыми зерттеу институты отандық жол құрылысын ретке келтіру мақсатында ғылымды дамыту және жаңа материалдар мен технологияларды енгізу, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес 1200-ге жуық салалық нормативтік-техникалық құжатты қайта өңдеп жатыр."Жыл басынан бері 75 жаңа технология мен материал зерттелді. Оның 29-ы сынақтан өткізіліп, жобалау-сметалық құжаттамада пайдаланылса, 9-ы сынақтан, ал 37-сі зертханалық сынақтан өтіп жатыр. Жаңадан 19 патент алынды", - деді Марат Қараб
https://sputnik.kz/20231128/kolik-zhurgizushileri-aqyly-zhol-ushin-qansha-aqsha-toledi-40480295.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/15/36919102_0:3:1659:1247_1920x0_80_0_0_6118a6dba81b736670f72363bd6a113b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол жөндеу
Жол саласын реформалау үшін заңдарға 39 түзету енгізіледі – көлік министрі
Жыл соңына дейін барлық автожол жобасында ФИДИК халықаралық қағидаттарын енгізу жоспарланып отыр
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Жол саласын реформалау аясында 6 нормативтік құқықтық актіге 39 түзету енгізіледі. Бұл туралы үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бюджет кодексіне, "Автомобиль жолдары туралы", "Жол қозғалысы туралы", "Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы", "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы", "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мемлекеттік реттеу туралы" заңдарға өзгерістер енгізіледі.
"Бұл түзетулер жол құрылысының сапасын және құрылыс процесіне қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға, саланы цифрландыруға, жол мамандарының білімі мен даярлығын жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ жыл соңына дейін барлық автожол жобасында ФИДИК халықаралық қағидаттарын енгізу жоспарланып отыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Бұдан басқа, Қазжол ғылыми зерттеу институты отандық жол құрылысын ретке келтіру мақсатында ғылымды дамыту және жаңа материалдар мен технологияларды енгізу, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес 1200-ге жуық салалық нормативтік-техникалық құжатты қайта өңдеп жатыр.
"Жыл басынан бері 75 жаңа технология мен материал зерттелді. Оның 29-ы сынақтан өткізіліп, жобалау-сметалық құжаттамада пайдаланылса, 9-ы сынақтан, ал 37-сі зертханалық сынақтан өтіп жатыр. Жаңадан 19 патент алынды", - деді Марат Қараб