АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Астана әуежайы Араб инвесторларына берілгеннен кейін қалай өзгереді. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев үкіметте өткен брифингте айтты.
Қарабаев Қазақстан үкіметі шетелдік инвесторларға үш шарт қойып отырғанын мәлімдеді.
"Біріншісі – ұшу-қону жолағын толығымен жөндеу. Осылайша, біз республикалық бюджетке түсетін жүктемені едәуір төмендетеміз, бұл ақшаны халықтың басқа да қажеттіліктеріне жұмсаймыз. Екіншісі – олар аэровокзал кешенін жөндеуі керек. Үшіншісі – осы алаңда үлкен авиахаб құрылады. Авиахаб — бұл барлық жүк бір жерде жинақтап, бөлу бойынша белгілі бір жұмыстарды атқаратын жер, оның нәтижесінде әуежайдың айналасында жұмыс орындары құрылады. Міне, осы жөнінде Араб инвесторымен біраз жұмыс талқыланады", - деп түсіндірді министр.
Қарабаевтың айтуынша, инвесторлар әуежайдың айналасында "менеджменттің мүлдем жаңа деңгейін" құруды ұсынған, оған үлкен қойма бөлмелері, жаңа қонақ үй кешендері мен әуежай қызметкерлері үшін бөлек аймақ кіреді.
"Шын мәнінде, жаңа инвесторлардың келуімен осындай шағын қозғалыс орталығы қайта жанданып жатыр. Әуежайды халықаралық деңгейге шығарамыз", - деді ол.
Биыл қазан айында Астана әуежайы БАӘ-нің terminals Holding компаниясының басқаруына берілетіні белгілі болды. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде осы компаниямен елордалық әуежайды мультимодальды хаб ретінде дамыту туралы келісімге қол қойылды.