https://sputnik.kz/20231128/qarabaev-astana-auezhayy-arab-investorlaryna-berilgen-son-qalay-ozgeretinin-aytty-40493797.html
Қарабаев Астана әуежайы Араб инвесторларына берілген соң қалай өзгеретінін айтты
Қарабаев Астана әуежайы Араб инвесторларына берілген соң қалай өзгеретінін айтты
Sputnik Қазақстан
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде елорда әуежайын мультимодальды хаб ретінде дамыту жөнінде келісімге қол қойылды 28.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-28T15:41+0500
2023-11-28T15:41+0500
2023-11-28T15:41+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/04/29051387_0:256:2730:1792_1920x0_80_0_0_6a94302abb76243936ac3200f4b3fcba.jpg
АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Астана әуежайы Араб инвесторларына берілгеннен кейін қалай өзгереді. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев үкіметте өткен брифингте айтты.Қарабаев Қазақстан үкіметі шетелдік инвесторларға үш шарт қойып отырғанын мәлімдеді."Біріншісі – ұшу-қону жолағын толығымен жөндеу. Осылайша, біз республикалық бюджетке түсетін жүктемені едәуір төмендетеміз, бұл ақшаны халықтың басқа да қажеттіліктеріне жұмсаймыз. Екіншісі – олар аэровокзал кешенін жөндеуі керек. Үшіншісі – осы алаңда үлкен авиахаб құрылады. Авиахаб — бұл барлық жүк бір жерде жинақтап, бөлу бойынша белгілі бір жұмыстарды атқаратын жер, оның нәтижесінде әуежайдың айналасында жұмыс орындары құрылады. Міне, осы жөнінде Араб инвесторымен біраз жұмыс талқыланады", - деп түсіндірді министр.Қарабаевтың айтуынша, инвесторлар әуежайдың айналасында "менеджменттің мүлдем жаңа деңгейін" құруды ұсынған, оған үлкен қойма бөлмелері, жаңа қонақ үй кешендері мен әуежай қызметкерлері үшін бөлек аймақ кіреді.Биыл қазан айында Астана әуежайы БАӘ-нің terminals Holding компаниясының басқаруына берілетіні белгілі болды. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде осы компаниямен елордалық әуежайды мультимодальды хаб ретінде дамыту туралы келісімге қол қойылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/04/29051387_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_d7fc9e65d10e36cc62320277d22dbfd4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
Қарабаев Астана әуежайы Араб инвесторларына берілген соң қалай өзгеретінін айтты
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде елорда әуежайын мультимодальды хаб ретінде дамыту жөнінде келісімге қол қойылды
АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Астана әуежайы Араб инвесторларына берілгеннен кейін қалай өзгереді. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев үкіметте өткен брифингте айтты.
Қарабаев Қазақстан үкіметі шетелдік инвесторларға үш шарт қойып отырғанын мәлімдеді.
"Біріншісі – ұшу-қону жолағын толығымен жөндеу. Осылайша, біз республикалық бюджетке түсетін жүктемені едәуір төмендетеміз, бұл ақшаны халықтың басқа да қажеттіліктеріне жұмсаймыз. Екіншісі – олар аэровокзал кешенін жөндеуі керек. Үшіншісі – осы алаңда үлкен авиахаб құрылады. Авиахаб — бұл барлық жүк бір жерде жинақтап, бөлу бойынша белгілі бір жұмыстарды атқаратын жер, оның нәтижесінде әуежайдың айналасында жұмыс орындары құрылады. Міне, осы жөнінде Араб инвесторымен біраз жұмыс талқыланады", - деп түсіндірді министр.
Қарабаевтың айтуынша, инвесторлар әуежайдың айналасында "менеджменттің мүлдем жаңа деңгейін" құруды ұсынған, оған үлкен қойма бөлмелері, жаңа қонақ үй кешендері мен әуежай қызметкерлері үшін бөлек аймақ кіреді.
"Шын мәнінде, жаңа инвесторлардың келуімен осындай шағын қозғалыс орталығы қайта жанданып жатыр. Әуежайды халықаралық деңгейге шығарамыз", - деді ол.
Биыл қазан айында Астана әуежайы БАӘ-нің terminals Holding компаниясының басқаруына берілетіні белгілі болды. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде осы компаниямен елордалық әуежайды мультимодальды хаб ретінде дамыту туралы келісімге қол қойылды.