Қарағанды облысында тергеу басқармасының экс-басшысы ұрлық жасады деген күдікке ілінді

Қазіргі күні Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" және "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" баптары бойынша тергеу басталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында полиция департаменті тергеу басқармасының экс-басшысы ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Экс-басшы мен тергеуші өз лауазымын асыра пайдаланып, майнингке арналған жабдықтарды ұрлаған. Қазіргі күні Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы "Ұрлық" және 361-бабы 4-бөлігі "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" бойынша тергеу басталды.
"Қарағанды облыстық прокуратурасының келісімімен бұрын жұмыстан шығарылған полиция департаменті тергеу басқармасының экс-басшысы мен осы бөлімшенің тергеушісі күдікке ілінді", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Қазіргі уақытта экс-басшының қайда жүргені белгісіз. Полицияға өзі келмеген жағдайда іздеу жарияланады.
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда бұрынғы полицейлер қаржы пирамидасын ұйымдастырған