https://sputnik.kz/20231111/soltustik-qazaqstanda-buryngy-politseyler-qarzhy-piramidasyn-uyymdastyrgan-40099790.html
Солтүстік Қазақстанда бұрынғы полицейлер қаржы пирамидасын ұйымдастырған
Солтүстік Қазақстанда бұрынғы полицейлер қаржы пирамидасын ұйымдастырған
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық топ үш жыл бойы халықты алдаған 11.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-11T12:17+0500
2023-11-11T12:17+0500
2023-11-11T12:17+0500
өңірлер
қаржы пирамидасы
полицей
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d5e89b8e833aaecc717ba098cebb012e.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында Qnet қаржы пирамидасының бөлімшесін ұйымдастырғандар ұсталды. Олар осы заңсыз кәсіпке дейін ішкі істер органдарында жұмыс істеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тергеу материалдарына сәйкес, 2018 жылы бөлімшені ұйымдастырғандардың біреуі Qnet халықаралық компаниясының сайтында тіркеліп, тәуелсіз өкілдің куәлігін алған. Одан кейін облыста қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ашқан."Олар Малайзияда тіркелген Qnet халықаралық компаниясының өнімдерін сатамыз деп, өз қылмыстық әрекеттерін іске асырған. Бірлескен қызметке қатысу үшін алдымен 600-800 мың теңге төлеу талабы болған. Сонда тәуелсіз өкілдің куәлігі және саяхатшының картасы берілді. Оған қоса, кеңсені жалдау ақысына 40 мың теңгеден жиналып тұрған", - дейді экономикалық тергеулер департаментінің мамандары.Компания өкілдері дәл сол кеңседе сан алуан кездесулер, оқыту семинарларын, дәрістер мен насихат жұмыстарын жүргізген. Осы уақытқа дейін 73 салымшы анықталды. Олардың бәрі 82 миллион теңге көлемінде қаржы салған. Қылмыстық топ үш жыл бойы халықты алдаған."Ұйымдастырушылардың қатарында ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлері де болған. Олар халықтың сенімін пайдаланып, қаржы пирамидасына адам тартқан. Қазіргі кезде қылмыстық істің үш фигуранты ұсталды. Үшеуі де уақытша қамау изоляторына тоғытылды", - делінген ресми хабарламада.Қылмыстық кодекстің 217-бабы, 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, қылмыстық топ жасаған әрекет, аса ірі мөлшерде) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.
https://sputnik.kz/20231108/qarzhy-piramidasyn-uyymdastyrushy-turkiyadan-ekstraditsiyalandy-40003768.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_749:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_f1e75688b5435d2170ac5b23bc652675.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы, полицей
қаржы пирамидасы, полицей
Солтүстік Қазақстанда бұрынғы полицейлер қаржы пирамидасын ұйымдастырған
Қылмыстық топ үш жыл бойы халықты алдаған
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында Qnet қаржы пирамидасының бөлімшесін ұйымдастырғандар ұсталды. Олар осы заңсыз кәсіпке дейін ішкі істер органдарында жұмыс істеген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Тергеу материалдарына сәйкес, 2018 жылы бөлімшені ұйымдастырғандардың біреуі Qnet халықаралық компаниясының сайтында тіркеліп, тәуелсіз өкілдің куәлігін алған. Одан кейін облыста қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ашқан.
"Олар Малайзияда тіркелген Qnet халықаралық компаниясының өнімдерін сатамыз деп, өз қылмыстық әрекеттерін іске асырған. Бірлескен қызметке қатысу үшін алдымен 600-800 мың теңге төлеу талабы болған. Сонда тәуелсіз өкілдің куәлігі және саяхатшының картасы берілді. Оған қоса, кеңсені жалдау ақысына 40 мың теңгеден жиналып тұрған", - дейді экономикалық тергеулер департаментінің мамандары.
Компания өкілдері дәл сол кеңседе сан алуан кездесулер, оқыту семинарларын, дәрістер мен насихат жұмыстарын жүргізген. Осы уақытқа дейін 73 салымшы анықталды. Олардың бәрі 82 миллион теңге көлемінде қаржы салған. Қылмыстық топ үш жыл бойы халықты алдаған.
"Ұйымдастырушылардың қатарында ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлері де болған. Олар халықтың сенімін пайдаланып, қаржы пирамидасына адам тартқан. Қазіргі кезде қылмыстық істің үш фигуранты ұсталды. Үшеуі де уақытша қамау изоляторына тоғытылды", - делінген ресми хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 217-бабы, 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, қылмыстық топ жасаған әрекет, аса ірі мөлшерде) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.