Қызылордада 8 жастағы бала кәріз құдығына құлап көз жұмды

Бұл фактіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 26 қараша - Sputnik. Қызылордада кәріз құдығына түсіп кеткен бала қайтыс болды, деп хабарлайды Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 25 қарашада сағат 13:14-те болған. Сегіз жастағы бала абайсызда қаланың емханаларының бірінің жанындағы кәріз құдығына құлап кеткен.
"Бұл фактіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 279-бабы "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.
Құтқарушылар баланың денесін кешке дейін іздеп, әрең тапқан.
Оқиға
Ақтауда ер адам лифт шахтасына құлап қайтыс болды