Қызылордада 8 жастағы бала кәріз құдығына құлап көз жұмды

© Photo : акимат Нур-СултанаКанализационный люк
Канализационный люк - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2023
Жазылу
Бұл фактіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ, 26 қараша - Sputnik. Қызылордада кәріз құдығына түсіп кеткен бала қайтыс болды, деп хабарлайды Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 25 қарашада сағат 13:14-те болған. Сегіз жастағы бала абайсызда қаланың емханаларының бірінің жанындағы кәріз құдығына құлап кеткен.
"Бұл фактіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 279-бабы "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.
Құтқарушылар баланың денесін кешке дейін іздеп, әрең тапқан.
лифт - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2023
Оқиға
Ақтауда ер адам лифт шахтасына құлап қайтыс болды
Жаңалықтар
0