АЛМАТЫ, 26 қараша - Sputnik. Астанада балаларды спорт үйірмелеріне қабылдауға кезекке тұру басталады, деп хабарлайды Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Кезекке тұру 27 қарашада сағат 20.00-де басталады.
"Биылға жылдың қорытындысы бойынша үнемделген қаражаттың арқасында орындар бөлініп, ваучерлер беріледі. Ваучер саны 4500. Ол 28 қарашада сағат 18.00-де жүзеге асырылады", - деп жазды ведомство хабарламада.